03 Маус 2020
Материал Балдәурен

Біз туралы

Құрметті ата – аналар !

       №31 «Балдәурен» бөбекжайы 1957 жылы ашылған, екі қабатты ғимаратта орналасқан жалпы үлгідегі бөбекжай. Бөбекжайда 3 топ балалары қазақ тілінде тәрбие алады. Біздің басты міндетіміз мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке, патриоттық тұрғыда тәрбиелей отырып ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылымның жетістіктеріне негізделген тұлға тәрбиелеуге тиісті жағдай жасау.

   Кәсіпорынның тәрбие мен білім беру қызметі мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде дайындалған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Бөбекжайдың материалдық базасы талаптарға сай жасалынған: ойын, топ бөлмелері, музыкалық зал, асхана, дәрігерлік қызмет, психолог кабинеттері толық жабдықтармен қамтылған.

    Педагогикалық ұжым білімді, жаңалыққа жаны құштар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандардан құралған. Тәрбиеленушілеріміз бен педагогтарымыз әр түрлі деңгейдегі байқауларға, тренингтерге, семинарларға қатысып, алғыс хаттар мен сертификаттарды иеленіп отыр.

    Бөбекжай басшысы: Мажитова Г.А.

Іскер басшылықтың арқасында ұжым мүшелері отбасымен бірлесе отырып, еліміздің жарқын болашағы болып табылатын тұлға қалыптастыру мен дамыту ісіне ерекше  көңіл бөлуде. Бөбекжай басшысы білім беру жүйесіне, педагогтардың озық тәжірибесін насихаттау мен кәсіби шеберліктерін арттыруға қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

Атауы: "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің № 31 "Балдәурен" бөбекжайы МКҚК
Тәрбие беру тіл: Қазақ
Түрі: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: 2-ден 3 жасқа дейінгі топ - 9 000 теңге
3-тен 4 жасқа дейінгі топ - 12 000 теңге
4-тен 5 жасқа дейінгі топ - 12 000 теңге
4-тен 6 жасқа дейінгі топ - 12 000 теңге
Жұмыс тәртібі: Бес күндік жұмыс аптасы, 07:30-дан 18:00 дейін
Кезекші топ: Жоқ
Қосымша жабдықтау: Психолог бөлмесі
Телефон: +7 (7112) 50-38-29
Web-сайт: baldauren.bilim-oral.gov.kz
Мекен-жай: Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы көшесі, 79 үй

ТАӘ: Гулсим Абиловна Мажитова
Лауазымы Директор
Жасы: 57 жас
Санаты: Санатсыз
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 30 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  30 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 50 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 72 адам

Балалар топтардың саны: 4


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Еркемай Қазақ 11 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Айналайын Қазақ 14 1 Қарапайым
Балдырған Қазақ 22 3 Қарапайым

4-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Болашақ Қазақ 25 0 Қарапайым